Атырауда жол апатынан 12 адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда жол апатынан 12 адам зардап шекті

Атырауда жол апатынан 12 адам зардап шекті

 

  • 30 Қыркүйек 2019
  • 19
Фото - Caravan.kz

Атырауда болған жол апатынан зардап шеккендер белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бүгін сағат 11.35-те Нұрсая шағын ауданында болған жол-көлік апатында 12 адам зардап шекті. Олардың 8-і – ересек жолаушы және 4-уі – бала. Барлығы ауруханаға жеткізілді», — деп мәлім етті өңірдің баспасөз қызметі.

Облыстық басқарманың баспасөз қызметінде зардап шеккендердің нақты саны мен олардың халі туралы хабарланған жоқ. Барлық ақпарат кейін беріледі.


Әлеуметтік желілерден белгілі болғандай, жол-көлік оқиғасының орнында 5 жедел-жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр.

Осыған дейін Атырау облысында автобустың жүк көлігімен соқтығысқандығы хабарланды.