Атырауда жұқпалы аурулар ауруханасының мүшкіл күйі науқастарды шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда жұқпалы аурулар ауруханасының мүшкіл күйі науқастарды шошытты

Атырауда жұқпалы аурулар ауруханасының мүшкіл күйі науқастарды шошытты

Атырауда ішек ауруына шалдыққандардың саны артқан. Әдетте, жаз мезгілінде көбейетін жұқпалы дерт қазір де бой берер емес. Аурудың күз мезгілінде қозуының себебін дәрігерлер де түсіндіре алмай отыр. Сырқаттардың көбейгені сонша, тіпті биылға жоспарлы түрде алынған дәрі-дәрмек таусылыпты. Оның үстіне, емдеу мекемесінде науқастарға орын жетіспей жатыр.     

  • 23 Қазан 2015
  • 390
Фото - Caravan.kz

Атыраудағы жұқпалы аурулар ауруханасы қызметкерлерінің жұмысы жаздағыдан да қауырт. Мамандардың айтуынша, соңғы 2-3 аптада дизентерия мен сальмонеллезден өзге белгісіз қоздырғыштан зардап шеккендер көбейген. Мысалы, өткен жылы ішек аурулары бөліміне 300-ден астам адам түссе, биылғы он айда бұл көрсеткіш 500-дің шамасында. Науқастардың көптігінен дәрі-дәрмек те мерзімінен бұрын таусылған.

Надя Ерғалиева, Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

-Мемлекеттік тапсырысқа байланысты науқасқа бейімдеп алған дәрілер қорын аяқтадық енді. Науқастың көп болуына байланысты жеткізе алмай жатамыз. Бірақ қосымша бюджеттен портал арқылы алып жатырмыз дәрілерді, қоймадан дәрілер келіп жатыр.

Аурухана 170 орындық болғанымен, ол толық күшімен жұмыс істемейді. Сондықтан мұнда сырқаттар сыймай жатыр. 20 жылдан бері балабақшаның апатты жағдайдағы ғимаратында отырған емдеу мекемесінде қазір үлкен-кішісі аралас 100-ге жуық науқас бар. Сол себепті мұндағы акт залы да палатаға айналып кеткен. Барлық науқастар бір жерден тамақ ішіп, бір дәретханаға барады.

Дина Қырымбаева, Атырау қаласының тұрғыны:

-Талап көп жағдай жоқ. Салқын су, батареялар қанжылым. Адам көп іште деген, балалар ылғи, қылыштай жер, отырмыз кереуеттің үстінде.

Құрылысы сонау 2008 жылы басталған жаңа аурухана ғимараты биыл қолданысқа енуі керек еді. Алайда құжаттары реттелмеген нысанға электр қуаты тартылмағандықтан, онда науқастарды қабылдау мүмкін болмай тұр. Ал іш ауруларының күз мезгілінде қозуының себебін дәрігерлердің өздері де түсіне алмай отыр.