Атыраудың 333 көшесіне тұңғыш рет асфальт төселді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атыраудың 333 көшесіне тұңғыш рет асфальт төселді

Атыраудың 333 көшесіне тұңғыш рет асфальт төселді

Ағымдағы жылы Атырау қаласы бойынша үш жүзден аса көшеге асфальт төселді.

  • 25 Желтоқсан 2017
  • 144
Фото - Caravan.kz

Инфрақұрылымды дамыту жобалары биыл негізінен қала маңындағы елді мекендерге жүргізілген. Өйткені облыс орталығына қарасты ауылдардағы жолдардың жай-күйі басты мәселелердің бірі болатын. Жоспарға сәйкес жүзеге асырылған бұл шаруа алдағы жылы да жалғасын табады, деп хабарлайды 24.kz.

Кезінде бас жоспардан тыс салынып кеткен қала маңындағы ауылдардың тасжолдары күрделі мәселелердің бірі болып келген. Әсіресе көктемгі нөсер, күзгі жауын-шашын маусымы кезінде тұрғындар ми батпақтан аяқ алып жүре алмайтын халге жетіпті. Биыл қалалық бюджеттен 25 млрд теңге бөлініп, 333 көшеге тұңғыш рет асфальт төселді.

Ақесен Ибрагимов, Атырау қалалық ТКШ бөлімінің қызметкері:

– Жалпы алғанда 267 шақырым құрайтын жол салынды және де ол пайдалануға беріліп, қазіргі таңда жол жиегін бекіту жұмыстары жүріп жатыр, жол белгілері де орнатылуда. Аталған жұмыстарды 25 желтоқсанға дейін аяқтау жоспарда тұр.

Уақыт үнемдеу мәселесі маңызды бола тұра, кеш өткізілетін тендер биылда сол үрдісінен тайған жоқ. Дегенмен құрылысшылар діттеген межеде жұмыстың 90 пайызын аяқтап үлгерген. Қазір мердігер мекеме өкілдері төселген жол жиектерін түзетіп, арнайы белгілер қойып, істерін қорытындылап жатыр. Ал бүгінгі күнге дейін қиындық көріп келген тұрғындардың қуанышында шек жоқ.


Саламат Намазғалиев, Ақжар ауылының тұрғыны:

– Бұрын асфальт болған жоқ, үйден шыққан аяққа целлофан киіп, балшық-балшық болып, үйден шыға алмай, не машинаға кіре алмай, сондай қиындықтарды басымыздан өткердік. Қазір енді асфальт салынып, жолымыз жақсарып қалды.

Қала маңындағы елді мекендерді абаттандыру жұмыстары келер жылы да жалғасады. Жоспарға сәйкес 2018 жылы жалпы ұзындығы 220 шақырымды құрайтын 207 көшеге асфальт төселеді. 
 

Соңғы жаңалықтар