Атыраудың түйе жүнінен жасалатын өнімге итальяндықтар қызығушылық танытты
![]() |
Атырауда ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы бойынша қой және түйе жүнін өңдейтін фабриканың құрылысы аяқталып келеді. Бұл өнімге итальяндықтар қызығушылық танытты. |
«Қазақстанда жүн өңдеу нашар дамыған, біз өңірде бұл кемшіліктің орнын толтыруға шешім қабылдадық. Фабриканың жылдық қуаты 100 тонна түйе жүнін және 350 тонна қой жүнін өңдеуді көздейді. Фабрикада 4 мың қума метрге жуық түйе жүнінен жасалған көрпе шығарылады. Өнім Қазақстанда ғана емес, экспортқа жөнелтіледі. Алғашқы тапсырыс беруші қазірдің өзінде бар: бұл итальяндық компаниялардың бірі», - деп хабарлады облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов фабрикада болған кезінде.
Жоба құны - 2 млрд. 432 млн. теңге. Фабрикада 90 адам жұмысқа ие болады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін