Атыраулық азғынның бірнеше жас қызды зорлағаны мәлім болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атыраулық азғынның бірнеше жас қызды зорлағаны мәлім болды

Атыраулық азғынның бірнеше жас қызды зорлағаны мәлім болды

Атырауда сексуалдық сипатта зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деп күдіктелген 24 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

  • 1 Қазан 2018
  • 169
Фото - Caravan.kz

Оның құрбанына айналған жас қыздар әлеуметтік желілерде онымен интимдік хаттар жазысып тұрған деп жазады Ақ жайық.қа сілтеме жасап sn.kz

Анықталғандай, М. әлеуметтік желілер арқылы әйелдермен танысып, кейбірінен олардың ашық суреттерін алып отырған. Кейін өзімен жыныстық қатынасқа түспесе, интернетте жазысқан хаттары мен суретерін жариялайтынын айтып, бопсалай бастаған.

Бір жыл бойы бірнеше құрбанын пайдаланған, олардың арасында 18 жастағы студент пен 15 жастағы оқушы қыз да болған. Осы қыздар ата-аналарына бәрін айтуды ұйғарған, ал олар полицияға шағымданыпты.


ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) және осы баптың 3-тармағының 3-тармақшасы (көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Күдікті тергеу абақтысына қамалды.

Соңғы жаңалықтар