Жарияланды: 20

Атыраулық дәрігерлер салмағы 800 грамм нәрестені құтқарды

Атыраулық дәрігерлер салмағы 800 грамм нәрестені құтқарды

Атыраулық дәрігерлер салмағы 800 грамм нәрестені құтқарды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Атырау облыстық перинаталдық орталығында салмағы 800 грамм қыз дүниеге келді. Бала жүктіліктің 26-шы аптасында туған. Ауыр хәлде болғандықтан, ауруханада 65 күн жатты. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалды.

Ясина ауруханада 65 күн жатты

Ясина басында жансақтау бөлімінде жатты, дейді қыздың анасы Айзада Қайратова.

"Мен 26 шілдеде Атырау облыстық перинаталдық орталығына қатты толғақпен келдім. Қызым 27 шілдеде таңғы сағат он шамасында 800 грамм болып туды. Мен түні бойы ұйықтай алмадым. Келесі күні таңертең жансақтау бөліміне бардым. Вакуумд, аппараттар мен мониторлар ортасында жатқан қызымды көріп, көзіме жас келді. Қызымды жылы орап қойған", - деді Айзада Қайратова.

Оның айтуынша, қызы ұзақ уақыт өкпені жасанды желдету аппаратыментыныс алған. Содан кейін маскада болған. Қазір Ясина 1 жасқа толды.

"Ясина қазір еңбектейді. Ақылды бала болып өсіп келеді. Атырау облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлеріне шын жүректен алғысымды білдіремін", - деді анасы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін