Жарияланды: 530

Атыраулық кәсіпкер туған ауылына спорт кешенін салып берді

Атыраулық кәсіпкер туған ауылына спорт кешенін салып берді

Атыраулық кәсіпкер туған ауылына құны 87 миллион теңге болатын спорт сарайын сыйға тартты. Жылыой ауданы Шоқпартоғай ауылына салынған кешен толықтай жабдықталған.

Ауыл тұрғындары мен жастар енді салауатты өмір салтын ұстанып, дене шынықтырумен айналысады. Барлық талапқа сай орталықта болашақ спорт жұлдыздары тәрбиеленіп шығады деген үміт мол. Бүгінде танымал кәсіпкер Бақытжан Достанов бір кездері өзі де осы ауылдағы мектепте білім алған. Қазір кемеліне келген азамат ауылдастарымның алдындағы борышымды осылай өтегім келді дейді. Көп жылдан бері жоспарлап, құрылысты жүргізудің сәті былтыр ғана келген. Кәсіпкер өзі сыйға тартқан спорт кешенін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап отыр. Кешен қажетті құралдармен толық жабдықталған. Жаңа ғимарат ауылдағы мектептің еншісіне берілді. Кең әрі самалдай жарық залдарда бір мезгілде спорттың бірнеше түрімен шұғылдануға мүмкіндік бар. Мұнда жаңа оқу жылынан бастап дене шынықтыру сабақтары өткізіледі.

Асан Раушанов, Олимпиадалық дзюдо күресінен облыстық федерацияның вице-президенті:

- Балаларымыз осы жерден Қазақстанның чемпионы, ҚР құрама командасының мүшелері болып, бұданда қиын кездерде жақсы жетістіктерге жетіп жүр. Енді осындай үлкен спорт сарайымыз біздің Шоқпартоғайдың, Жылыойдың, облысымыздың, еліміздің намысын шетелдерде абыроймен қорғауға үлкен септігін тигізеді деп сенемін. Спорт кешені мектеп иелігіне өткенімен, алғашқы бір жыл бойына барлық керек-жарақты кәсіпкер өз мойнына алып отыр. Сонымен қатар арнайы бапкерлер мен жаттықтырушыларды да кәсіпкер өз қаржысына шақырған. Шағын ғана ауылдан бұрында ел намысын қорғайтын даңқты спортшылар шықан болатын.

Манас Қайырбай, Дзюдодан 2016 жылғы ҚР чемпионы:

- Қазір біз қыркүйек айында өтетін Азия чемпионатына дайындалып жатырмыз. Бұйыртса, сол жарыста жақсы нәтиже көрсетемін деген сенімдемін. Міне, сол жарысқа жаңа спорт залы да дайындалып жатырмыз. Шоқпартоғай ауылында 3 мыңнан астам тұрғын бар. Оны жарты мыңнан көбі – мектеп оқуушылары. Қазір таңда 120 бала тұрақты түрде спортпен айналысады. Ал мынадай заман талабына сай спорт кешенінің салынуы ауыл тұрғындарының арасында спортқа деген қызығушылықты арттырып, салауаты өмір салтын ұстанушылардың қарасын көбейтері сөзсіз.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін