Атыраулық полицейлер тұрғындардың бірінен 100 келі бекіре тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 487.01
  • 557.87
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атыраулық полицейлер тұрғындардың бірінен 100 келі бекіре тәркіледі

Атыраулық полицейлер тұрғындардың бірінен 100 келі бекіре тәркіледі

Атыраулық полицейлер қала маңында 100 келі бекіре тәркіледі.

  • 5 Қыркүйек 2014
  • 454
Фото - Caravan.kz

Полицейлер 30 жастағы атыраулықтың көлігін бейсенбі күні тоқтатқан. Тінту барысында көліктен 100 келі бекіре балығы табылды, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі жетекшісі Гүлназира Мұхтарова.

Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды..

Баспасөз хатшысының айтуынша, жыл басынан бері полицейлер заңсыз ауланған 27 тонна балық тәркілеген. Оның ішінде 490 келі бекіре мен 8 келі қара уылдырық бар.