Атыраулықтар өздерін өтірікшіге теңеген облыс әкіміне өкпелеп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атыраулықтар өздерін өтірікшіге теңеген облыс әкіміне өкпелеп қалды

Атыраулықтар өздерін өтірікшіге теңеген облыс әкіміне өкпелеп қалды

Атырау тұрғындарының облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовке деген өкпелері қара қазандай. Оған аймақ басшысының нөсерден соң үйлері жарамсыз болып қалған тұрғындарды өтірікшіге теңеуі себеп. Әкімнің сөзі жығылған үстіне жұдырық болды деген халық жергілікті билікке ашуланып отыр. Ал мәселені бір апта ішінде шешіп берсін деген талап қойды тұрғындар.

  • 16 Мамыр 2015
  • 351
Фото - Caravan.kz

Бақтықожа Ізмұхамбетов,Атырау  облысының әкімі:

-Құлап қалды деген біраз жерге бардық. Бәрі жалған. Турасын айтқанда, өтірік бәрі!

Жұрттың ашуын шақырған әкімнің осы мәлімдемесі. Жаңбырдан кейінгі төтенше оқиғаға байланысты шұғыл жиын өткізген Бақтықожа Ізмұхамбетов мәселені шешуден бұрын, тұрғындардың өздеріне шүйліккен болатын. Тосыннан келген апаттан далада қалған атыраулықтар аймақ басшысынан осындай сөз естіп, енді көмекті кімнен сұрарын білмей отыр.

-Әкім келеді деді. Күттік. Келмеді. Ал теледидардан ешкімге үй бермеймін  деп шүйлігіп отыр. Ойларына келгенін істесін мейлі. Біз адам емеспіз ғой, малмыз ба?

Ізмұхамбетовтен көңілі қалып, ашуға булыққан атыраулықтарды бүгін қала әкімі сабырға шақырды. Бастығының сөзін жуып-шаймақ болған шенеунік енді зардап шеккендердің көмектен құр қалмайтынын айтып отыр.

Нұрлыбек Ожаев, Атырау қаласының әкімі:

-Біз құрылысшы, депутат, жобалаушы, лицензиясы бар сарапшылардан 11 топ құрдық. Қазір олар жұрттан түскен арыз бойынша жұмыс істеп жатыр. Яғни, бағалау жұмыстарын жүргізуде. Осы шаруа аяқталсын, кімге қанша шығын келгені мәлім болсын, ешкімді бөліп-жармай көмектесеміз.

4 күн бұрын жауған нөсерден қаладағы 120 шақты үйді су басып, 600-ге жуық адам қауіпсіз жерлерге көшірілген болатын. Әлі күнге бір де бір адам үйіне қайтпаған. Қызыл судың кесірінен қанша үйдің құлағаны да белгісіз әзірге. Тұрғынүйлерді судан тазарту жұмыстары әлі жалғасуда. Себебі, арнайы қызметке тиесілі көліктің жетіспеушілігінен мамандар бәріне бірдей қол ұшын соза алмай жатыр.