Атышулы Мұрат Әбділдә бостандыққа шығады - kaz.caravan.kz
  • $ 465.08
  • 536.52
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атышулы Мұрат Әбділдә бостандыққа шығады

Атышулы Мұрат Әбділдә бостандыққа шығады

Әлеуметтік желіде тікелей эфирде түрлі боғауыз айтып, аты шыққан Мұрат Әбділдә бостандыққа шығатын болды

  • 23 Тамыз 2024
  • 20
Фото: Тик-ток

Бұл туралы заңгер Молдахан Әділетхан әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Оның сөзіне қарағанда, сот қаулысы 15 күннің ішінде күшіне енеді.

Еске салсақ, атышулы Әбділдә Шымкенттегі 167/3 жалпы режиміндегі колонияда жазасын өтеп жатыр. Ол Instagram-дағы бейнежазбалары арқылы «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздырғаны үшін» 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.