АУА РАЙЫ: Бүгін еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, кей жерлерінде жел күшейеді
![]() |
Бүгін Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты |
кей жерлерде қар аралас жауын жауады; жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады; республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, түнде кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-ға дейін жетеді.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын тұрып, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі.
Қызылорда, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 17-22 м/с күшейіп, шаңды дауыл болады.
Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күші 17-22 м/с болады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін