Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде дауыл соғады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде дауыл соғады

Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде дауыл соғады

Синоптиктер 13 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды "Қазгидромет" орталығы.

  • 13 Мамыр 2018
  • 34
Фото - Caravan.kz

Мамандардың айтуынша, ертең, 13 мамырда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның шығыс бөлігінде найзағай, жауын-шашын болады. Сонымен қатар, оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады, батыс бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде дауыл, тұман күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

"Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл, желдің күші секундына 15-20, екпіні 23 метрге дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, түнде және таңертең жел күшейеді", — деп ескертті мамандар.

Сондай-ақ, Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл болып, жел күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Ақмола, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде күшті жел мен тұман болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, күндіз жел күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, түнде және таңертен тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін.


 

Соңғы жаңалықтар