Атап айтқанда, Қостанай облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және күндіз Қызылорда, түнде Оңтүстік Қазақстан облыстарында жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Маңғыстау облысының кей аумағында тұман түсіп, жел күшейеді (15-20 м/с).
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, түнде және таңда тұман түседі.
Сонымен қатар, алдағы тәулікте Қазақстан өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін.