Ауа райының қолайсыздығына байланысты алты өңірде жолдар жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауа райының қолайсыздығына байланысты алты өңірде жолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты алты өңірде жолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты елдің алты өңірінде жолдар жабылды.

  • 16 Қаңтар 2022
  • 28
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазавтожол" ҰК" АҚ мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, бұрқасын) алты өңірде: Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында республикалық және облыстық маңызы бар тасжолдар жабылды", — деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, өңірлерде боран, қар, көктайғақ, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

"ТЖМ жедел штабы жол қызметтері, ІІМ, "Қазгидромет" және жергілікті атқарушы органдармен ведомствоаралық өзара іс-қимылды жолға қойды. Жолдардың жабық учаскелерінде қар жинау техникасы іске қосылып, құтқарушылар мен полицейлер бекеті қойылды. Жылыту пункттері дайындалды.

Дауыл туралы ескерту хабарламаларын елеп, қажетті сақтық шараларын сақтаңыз. Қысқы кезеңде елді мекендер арасындағы көлік жолдарына шығуды жоспарламас бұрын міндетті түрде алдағы қозғалыс бағыты бойынша ауа райы болжамын қарау қажет", — деп толықтырды ведомство өкілдері.


Соңғы жаңалықтар