Ауа райының қолайсыздығынан Қарағанды облысында «Алматы-Екатеринбор» тас жолының учаскесі жабылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды облысында «Алматы-Екатеринбор» тас жолының учаскесі жабылды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі. |
Бүгін Қарағанды облысында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сағат 13.35-тен бастап «Алматы-Екатеринбор» тас жолының «Қарағанды-Ақсу-Аюлы» учаскесі қоғамдық қозғалыс үшін жабылды.
Бұған дейін хабарланғандай, кеше сағат 21.15-тен Қарағанды облысы аумағындағы «Қарағанды-Балқаш» тас жолы қоғамдық және жүк көліктерінің қозғалысы үшін жол жабылған болатын. Оған себеп - көктайғақ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін