Оның айтуынша, 1-қараша күнгі жағдайға сәйкес, облыс бойынша коммуналдық қызметтердің қарызы 500,4 млн теңге, соның ішінде 77% халіктікі болып табылады.
«Өскеменде үш үй, Семейде бес үй іс жүзінде коммуналдық қызметтерге көк тиын төлемейді. Мен ауа-райы болжамын білемін. Бүгін үйлерді қосуға тапсырма бердім», — деп хабарлады Жәнібек Кәрібжанов баспасөз мәслихатында.
«Өкінішке орай, коммуналдық қызметке төлемейтіндер — ақшасы бар адамдар. Бұдан зиян шегетін кешіктірмей төлеп отырған зейнеткерлер», — деп түсіндірді облыс басшысы. Ол сонымен қатар, Семей пештеріне 40 тонна көмір, ал Өскеменнің ЖЭО-на 23 тонна көмір жеткізілгенін де атап өтті.
Сонымен бірге Жәнібек Кәрібжанов жыл басынан бері Өскеменде 100 аула, ал Семейде 67 аула жөнделгенін хабарлады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті