Жарияланды: 60

Аудан әкімі қазақша сөйлемеген балаларға айыппұл салмақшы

Аудан әкімі қазақша сөйлемеген балаларға айыппұл салмақшы

Мемлекеттік тілде сөйлемеген балаларға айыппұл салынады. Павлодар облысына қарасты Шарбақты ауданының әкімі Әзілхан Әбеуов осындай бастама көтеріп отыр. Бұл идея әкімге мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан кейін келіпті.

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Биыл аудандағы балалар лагеріне 300-ге жуық оқушы келіп демалған. Келесі маусымда «Kazakh camp» стилінде өтпек. Яғни басты талап оқушылар тек мемлекеттік тілде сөйлесулері тиіс.

«Ол жерге келген оқушылар қазақ тілінде демалатын болады. Өзге тілде ойын білдірген балаларға айыппұл салынады. Мемлекеттік тілде сөйлегені үшін «Қазақ тілі білгірі» деген төсбелгі тағып, басқа да құрметтер көрсетеміз», — дейді әкім.

Әзілхан Әбеуов айыппұл көлемін ашып айтқан жоқ. Әрине, демократиялық ашық қоғамда жалпы тілді күштеп оқыту қаншалықты заңды деген сауалдың туындайтыны рас. Негізі бұндай айыппұлды бизнесмен-шенеуніктерге пайдаланса ел бюджетіне біраз ақша түсері сөзсіз еді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін