Аудандық ішкі істер басқармасының аға тергеушісі сотталды
![]() |
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам аудандық сотында Сайрам АІІБ-ның аға тергеушісі А. Жолтаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды. |
Істі сотта қарау барысында азамат Ж. Тоялиев ірі мөлшерде жасалған алаяқтық үшін ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағына сәйкес, қылмыстық іс бойынша күдікті екендігі анықталған. Істің мән-жайын білетін А. Жолтаев Ж. Тоялиевке қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға уәде беріп, одан 3 мың АҚШ долларын талап еткен.
Ж. Тоялиев ОҚО ІІД Ішкі қауіпсіздік басқармасына жүгінген. Ж. Тоялиевтен 2 мың АҚШ доллары сомасындағы параны алғаннан кейін тергеушіні аталған басқарма қызметкерлері ұстаған.
Сот үкімімен азамат А. Жолтаев ҚР ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігі (айтарлықтай мөлшерде пара алу) бойынша кінәлі деп танылып, жеке мүлкі тәркіленіп, өмір бойы ішкі істер органдарында лауазымды қызметті атқару құқығынан және «полиция капитаны» арнаулы атағынан айыру және параның 60 еселенген мөлшерінде, яғни 22344 мың теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды.
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін