Жарияланды: 30

Әуе дабылы түркістандықтардың зәресін алды

Әуе дабылы түркістандықтардың зәресін алды

Бүгін сағат 9.00 шамасында қаланың 32 жерінде орналасқан дыбыстық дабыл арқылы "әуе дабылы" беріліп, салдарынан халық арасында түсініспеушілік жағдай туындаған.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған дыбыстық дабылдан күнделікті коронавирус індетінің алдын алу және орындайтын талаптар бойынша ақпарат айтылатын. Техникалық ахауға байланысты басылған дабыл үшін кінәлі тұлғалар анықталып, тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады. Орын алған қолайсыздықтар үшін қала тұрғындарынан кешірім сұраймыз, - делінген қала әкімдігінің хабарламасында. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін