Оның барысында арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, әскери жаттығулар көрсетілді. Халық арасында «қанатты гвардия» және «көгілдір береттер» деп аталып кеткен десантшы-жауынгерлер қалалық жерде шабуыл жасау, шұғыл ату және қоян-қолтық ұрыстың ұрымтал көріністерін көрсетті.
Негізі, әуе десанты әскерлерінің тарихы 1930 жылдың 2-тамызынан басталады. Дәл осы күні Мәскеу әскери округі Әуе десанты әскерлерінің жаттығулары кезінде Воронеж түбінде 12 адамнан тұратын десантшылар бөлімшесі парашютпен түсірілген болатын. Бүгінде десантшылардың жанқиярлық ерлігі мен қаһармандығы зор құрметке ие. Қазақстанның әуеұтқыр әскерлері болса, биыл өзінің 11 жылдығын атап өтті.