Жарияланды: 490

Әуе қорғанысы күштерінің бөлімдерінде жауынгерлік әзірліктің жоспарлы тексерісі аяқталды

Әуе қорғанысы күштерінің бөлімдерінде жауынгерлік әзірліктің жоспарлы тексерісі аяқталды

ҚР Қарулы Күштерінде Талдықорған және Үштөбе гарнизондарының әскери бөлімдерін жоспарлы тексеру аяқталды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, оны ӘҚК-нің бас қолбасшысы, авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетовтің басшылық етуімен Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшылығының кешенді комиссиясы өткізді. Тексеріс Талдықорған гарнизонының әскери бөлімдерінен басталды. Онда жауынгерлік даярлық, жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру, қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйі, тәртіп пен құқықтық тәртіп, моральдық-психологиялық жай-күй мәселелері тексерілді.  Жауынгерлік даярлық аясында ӘҚК-нің бас қолбасшысы қарапайым және күрделі пилотажға орта және шағын биіктіктерде ұшу құрамының пилотаждау шеберлігінің орындалуын тексерді.

«Іс-шараның негізгі мақсаты жеке құрамның жауынгерлік машығын, әскери бөлімдердің қойылған жауынгерлік тапсырмаларды қысқа мерзімде орындау әзірлігін жан-жақты тексеру, сондай-ақ бөлімшелердің жауынгерлік даярлығы мен үйлесімділігінің деңгейін бағалау болды. Бізге ұшу құрамның практикалық деңгейін мұқият пысықтап, олардың арналуы бойынша тапсырмаларды орындауға әзірлігін бағалау қажет», - деді Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы.

ӘҚК бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Тұралы Қойшықұлов ұшу құрамның моральдық-психологиялық дайындығын, тәрбие және идеологиядық жұмыстың ұйымдастырылуы мен әскери тәртіп пен құқықтық тәртіптің жай-күйін зерделеді.

«Командирлер мен нұсқаушылар олардың техникада жұмыс жасауы кезінде мықты дағдылары мен жүктелген міндеттерді сәтті орындауы үшін ұшу және инженерлік-техникалық құрамды тиісті деңгейде оқып-үйретуі тиіс. Олардың алған білімді шебер қолдануы мен өздерінің жауынгерлік техникасын жақсы білуі маңызды», -  деп атап өтті полковник Т.Қойшықұлов.

Тексеріс аяқталғаннан кейін әскерлер қызметі және әскери тәртіпті нығайту жөнінде ұсынымдар берілді, әскери бөлім командирлері мен олардың орынбасарларына қажетті көмек көрсетілді. 

null
null
null
null

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін