Әуе соққысынан беті қан жоса болған баланың бейнесі әлемді дүр сілкіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әуе соққысынан беті қан жоса болған баланың бейнесі әлемді дүр сілкіндірді

Әуе соққысынан беті қан жоса болған баланың бейнесі әлемді дүр сілкіндірді

Сирияның үкіметке қарсы белсенділері қоршауға алынған Алеппо қаласындағы әуе соққысынан қираған ғимараттан құтқарылған баланың жан түршігерлік кадрларын жариялады.

  • 19 Тамыз 2016
  • 696
Фото - Caravan.kz

Бетін қан жапқан, жедел жәрдем көлігінде есеңгіреп отырған баланың видеосы мен фотолары әлеуметтік желіге жылдам тарап, наразылық толқынын тудырды, деп хабарлады www.bbc.com.

Дәрігерлердің мәліметіне қарағанда, баланың есімі Омран Дакниш, бес жаста. Сәрсенбі күні кешке оған медициналық жәрдем көрсетілді — баланың басына қатты зақым келген.

Оның отбасының басқа мүшелерінің қандай жағдайда екендігі әлі белгісіз.


 

Соңғы жаңалықтар