Жарияланды: 30

Ауған билігі тәліптерді қабылдаған Өзбекстанға наразылық нотасын жолдады

Ауған билігі тәліптерді қабылдаған Өзбекстанға наразылық нотасын жолдады

Ауғанстанның сыртқы істер минстрлігі "Талибан" қозғалысының мүшелерін қабылдаған Өзбекстанға наразылық нотасын жолдады.

Бұл туралы centralasian.org жазды. 

Ауғанстан Ислам республикасы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Сибгатулла Ахмадидің мәлімдеуінше, ауған үкіметі екі елдің бейбіт процестерге қатысты әріптестігін қолдайды, дегенмен тәліптерді "ресми қабылдау" және кездесудің сипаты ауған үкіметіне ұнамайды. Ауған шенеунігі бейбіт процесте Ауғанстан үкіметінің маңызды мәртебесін естен шығармауды ескертті.

Еске салайық, 8 тамызда Өзбекстанның сыртқы істер министрлігінде "Талибан" қозғалысының Дохадағы саяси кеңсесінің өкілдерімен кездесу өтті. Қозғалыс делегациясын мулла Бародар Ахунд бастап келді.

Кездесу барысында "Талибан" қозғалысы саяси кеңсесінің басшысы ауған бейбіт келіссөздерінің кезекті раундын Самарқанд қаласында өткізуді қолдаған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін