Ауғанстан 2009 жылдың соңында Калашников автоматынан бас тартып, американдық М-16 бесатарды пайдаланатын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауғанстан 2009 жылдың соңында Калашников автоматынан бас тартып, американдық М-16 бесатарды пайдаланатын болады

Ауғанстан 2009 жылдың соңында Калашников автоматынан бас тартып, американдық М-16 бесатарды пайдаланатын болады

Алматы. 4 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ауғанстан 2009 жылдың соңында Калашниковтың автоматынан бас тартып, американдық М-16 бесатарды пайдаланатын болады, деп хабарлайды агенттік Washington ProFile халықаралық сараптамалық ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 4 Мамыр 2008
  • 664
Фото - Caravan.kz

Пентагон осы жылдың ішінде Ауғанстанға 55 мың M-16A2 бесатарын жіберуді көздеп отыр, бұған дейін оларды АҚШ теңіз жаяу әскерінің корпусы пайдаланған. Ауғанстанға бұл қарудың 6 мың данасы бірінші рет 2007 жылы тасымалданды. Сондай-ақ, Ауғанстанның арнайы қарулы бөлімшелеріне 6 мың М -4 карабині жеткізілді.

Washington ProFile хабарлағанындай, «Калашников» қаруын ауыстыру бастамасы Ауғанстан армиясын қайта қаруландыру бағдарламасына жетекшілік жасаған АҚШ армиясының подполковнигі Майк Мак Магон ұсынысымен жасалуда.

«Пентагона military.com интернет-порталында подполковниктің қысқа сұхбаты жарияланып, онда ол Ауғанстанның оншақты жылдар бойы «Калашников» қаруын пайдаланылуының тоқтатылуы идеологиялық қадамның бір түрі деген. Ауғанстан сол арқылы өзінің бұрынғы өмірімен қош айтысатын болады «, — деп хабарлайды Washington ProFile агенттігі.

Мак Магонның пікірі бойынша, бесатарлармен қаруланған сарбаздар «Калашников» автоматымен қаруланған талибтер алдында басымдылығы болады. Яғни бұл бастаманың әскери себеп салдары да бар.

АК-47 салыстырғанда М-16 қолдануы күрделі болғандықтан ауған сарбаздарын қайта оқыту жағынан қиынға түседі, бірақ бұл мәселені шешуге болады деп санайды Мак Магон. Оның сөздері бойынша Ауғанстанда М-16 пайдалану тәжірибесі жақсы, бірақ Ауғанстан атқыштары американдық сарбаздарға қарағанда оқтарды көбірек пайдаланып, оны соляркамен («Калашниковты тазалайтын тәсіл ,Washington ProFile ескертпесі) тазалайды.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Ирактың армиясы да «Калашниковтан» бас тартып М-16 пайдаланатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті