Жарияланды: 430

Ауғанстан әскері Тәжікстанмен шекарадағы жерлерді «Талибан» содырларынан азат етіп жатыр

Ауғанстан әскері Тәжікстанмен шекарадағы жерлерді «Талибан» содырларынан азат етіп жатыр

Ауғанстанның солтүстік-батысында ауған қауіпсіздік күштері «Талибан» қозғалысының мүшелеріне қатысты ауқымды әскери операция жүргізіп жатыр.

Әскери әрекеттердің ошағы Тәджікстанмен шектесетін (шекаралас) солтүстік-шығыстағы  Бадахшан провинциясында орналасқан. Шара Рагистан ауданында басталып, көтерілісті басқанға дейін аталған провинцияның өзге аудандарында жалғаспақ. 

Жергілікті полиция бастығы Сахи Гафури кем дегенде сегіз содыр өлтірілгенін, оның ішінде шетел азаматтары болғанын хабарлады. Өз кезегінде, Ауғанстанның қауіпсіздік күштері екі әскери қызметкерден айырылды.

«Мақсатымыз - Бадахшанды содырлардан босату», - деді С.Гафури. Ол үкімет әскери Ауғанстанның өзге де бірнеше провинциясын қайтарғанын айтты. Ауғандық тараптың мәліметінше, Рагистан ауданындағы 50-ден астам ауылды «Талибан»  топтары басып алды.

Провинция полициясының басшылығы шараның сәтті өтетініне үміт артып отыр. Провинцияда жаулап алынған аудандарды қайтарған соң қосымша бақылау пункттерін құру көзделіп отыр. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін