Ауғанстан президенті Х.Карзай 15-сәуірде ресми сапармен елімізге келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.16
  • 480.39
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауғанстан президенті Х.Карзай 15-сәуірде ресми сапармен елімізге келеді

Ауғанстан президенті Х.Карзай 15-сәуірде ресми сапармен елімізге келеді

Ауғанстан президенті Хамид Карзай 15-сәуірде екі күндік ресми сапармен елімізге келеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Сәуiр 2004
  • 504
Фото - Caravan.kz

Қазақстан және Ауғанстан мемлекет басшыларының кездесуінде әлемдік саясат және екі жақты ынтымақтастыққа қатысты өзекті мәселелер талқыланады. Алдағы келіссөздерде сондай-ақ, аймақтық қауіпсіздік және өзара сауда-экономикалық қарым-қатынастарды пәрмендендіру мәселелеріне басымдық беріледі. Бұған қоса екі елдің ресми делегациялары мүшелерінің арасында кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізу межеленген. Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы бұдан былайғы ынтымақтастық пен құқықтық келісім базасын дамытуға негіз қалайтын екі жақты құжаттарға қол қойылады.

16-сәуірде, сапардың екінші күні Х.Карзай Отан қорғаушылар ескерткішіне, Президенттің мәдени орталығы мен «Бәйтерек» кешеніне барады.
Қазақстан мен Ауғанстан арасында дипломатиялық байланыс 1992-жылы орнаған. Ал былтыр екі ел арасындағы сауда айналымы 50 млн. долларды құрады. Бұл 2002-жылғы көрсеткіштен 57 процент артық.

Соңғы жаңалықтар