Ауғанстан президенттігіне кандидат Абдулла өзіне шабуыл жасалғанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауғанстан президенттігіне кандидат Абдулла өзіне шабуыл жасалғанын айтты

Ауғанстан президенттігіне кандидат Абдулла өзіне шабуыл жасалғанын айтты

Кабулда бомба Ауғанстандағы президент сайлауының кандидаты Абдулла Абдулла мінген көлік керуені өтіп бара жатқан кезде жарылған, деп бүгін ауған телеарнасы мәлімдеді.

  • 6 Маусым 2014
  • 317
Фото - Caravan.kz

«Бірнеше минут бұрын біз сайлауалды митингтен кейін жолға шыққанда қасымызда бомба жарылды», — деп А.Абдулла телеарна эфирінен мәлімдеді.

Оның айтуынша, бірнеше күзетші жарақат алған, ал өзі дін аман.

Ауғанстан президенті сайлауының екінші кезеңі 14 маусымда өтеді. А.Абдулланың қарсыласы экономист Ашраф Гани болып табылады.

А.Гани «Твиттерде» қарсыласын өлтірмек болғандардың әрекетін айыптайтынын жазған.