Жарияланды: 360

Ауғанстан ШЫҰ-ға кіру барысында Қазақстаннан қолдау күтеді - саясаткер

Ауғанстанның саяси қайраткері Ахмад Вали Масуд ауған елі Шанхай ынтымақтастық ұйымына кіру барысында Қазақстан тарапынан қолдау күтеді деп есептейді.

«Қазақстан Ауғанстанның ШЫҰ-ға мүшелікке кіруіне көмектесе алады», - деді А.Масуд «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне берген сұхбатында. «Қазақстан - Ауғанстандағы ахуалды бейбіт жолмен реттеуге ықпал ете алатын мемлекет», - дейді саясаткер. Оның айтуынша, Қазақстан Ауғанстанға жанар-жағармай, астық пен өзге де азық-түлік тауарларын жеткізу мәселесін ретке келтіре алады. «Әсіресе, Ауған жастарын Қазақстанда оқытудың маңызы зор. Бұл игі іс басталып та кетті», - деп атап өтті А.Масуд.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін