Ауғанстанда болған қуатты жер сілкінісі Тараз, Шымкент қалаларында сезілді
![]() |
«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансалар желісінің хабарлауынша, бүгін, 26 қазан күні Алматы уақыты бойынша сағат 15.09-да жер сілкінісі тіркелді. |
Зілзала ошағы Ауғанстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстікке-батысқа қарай 904 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы - 15.2. Магнитудасы - MPV 7.2.
Тереңдігі - 150 шақырым.
МSК-64 шкаласы бойынша жерасты дүмпуінің Қазақстан жерінде сезілгені туралы дерек бар: Шымкент - 4 балл, Тараз - 3-4 балл шамасы.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін