Ауғанстанда президент Карзайдың ең жақын кеңесшісі өлтірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауғанстанда президент Карзайдың ең жақын кеңесшісі өлтірілді

Ауғанстанда президент Карзайдың ең жақын кеңесшісі өлтірілді

Ауғанстанда президент Хамид Карзайдың ең жақын кеңесшісі қастандықтан қаза тапты. Қаруланған топ оны үйінде қонақ күтіп отырған жерінен жер жастандырып кеткен.

  • 19 Шiлде 2011
  • 442
Фото - Caravan.kz


Мұхаммед Хашем Уатанвал, Үзген провинциясы парламентінің мүшесімен бірге кешкі аста отырғанда бастан аяқ қаруланған екі адам үйге басып кіріп, оқ жаудырыпты. Қастандықтан екі шенеунік те көз жұмды. Тағы бір сақшы атыс кезінде мерт болған. Артынан қорғаныс күштерінің әскері қаруланған қос адамның көзін жойды. Кеңесшіге қару кезенгендерін Талибан қозғалысы мойындап отыр. Айта кетейік, осыдан тура бір апта бұрын Ауғанстан президентінің туған інісі, Қандағар провинциясының басшысы Ахмет Уәли Карзай да осы тәліптердің қолынан көз жұмған. 

Соңғы жаңалықтар