Ауғанстанда Тәжікстан мен Ауғанстан елдерінің күш құрылымдары 300 келідей есірткі тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауғанстанда Тәжікстан мен Ауғанстан елдерінің күш құрылымдары 300 келідей есірткі тәркіледі

Ауғанстанда Тәжікстан мен Ауғанстан елдерінің күш құрылымдары 300 келідей есірткі тәркіледі

Душанбе. 4 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстан мен Ауғанстанның құқық қорғау органдарының бірлескен операцияларының барысында ауған жерінде биылғы жылдың бірінші тоқсанында заңсыз айналымнан шамамен 300 кг есірткі тәркіленді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 4 Сәуiр 2008
  • 413
Фото - Caravan.kz

«Тәжікстан Республикасының президенті жанындағы Есірткіні бақылау агенттігінің байланыс офицерлері биылғы жылдың бірінші тоқсанында Ауғанстанда осы елдің құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып жасалған 9 операция нәтижесінде заңсыз айналымнан 300 кг есірткі тәркіледі. Барлық тәркіленген есірткі затының 253 килограммы героин», — деп хабарлады Тәжікстанның есірткіге қарсы мекемесі.

Сонымен қатар, Тәжікстан аумағына есірткі тасумен айналысқан Ауғанстанның 44 контрабандашысы тұтқындалды, героин жасайтын 2 өндіріс, апиын егілген 50 гектар алқап жойылды, көптеген қару-жарақ тәркіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті