Жарияланды: 570

Ауғанстандағы еліміз өнімдеріне деген сұранысты анықтау үшін ҚР үкіметі осы елге арнайы комиссия жібермек

Ауғанстандағы еліміз өнімдеріне деген сұранысты анықтау үшін ҚР үкіметі индустрия және сауда вице-министрлерінің бірі басқарған арнайы комиссияны осы елге жібермек. Бұл туралы индустрия және сауда вице-министрінің міндетін атқарушы Ғалым Оразбақов бүгін, 18-маусымда KZ-today тілшісіне хабарлады.

Ғ.Оразбақовтың айтуынша, комиссия Ауғанстанға тіпті 2003-жылдың сәуір айында жіберілуге тиіс болатын, алайда ондағы тұрақсыздық салдарынан сапар мерзімі кейінге шегеріліпті. Топ құрамына еліміздің әртүрлі министрлік және коммерциялық кәсіпорындар өкілдері қамтылады деп күтілуде. Халықаралық ұйымдар Ауғанстанға қолұшын беру, осы елдің ұлттық экономикасын көтеруге бағытталған жоспарларын таяу уақыттарда қолға алмақ ниетте екенін Ғ.Оразбақов еске салды. Осыған байланысты бұл елде Қазақстанда өндірілген көптеген өнім түрлеріне деген үлкен сұраныс туындайтыны даусыз. Осы орайда Ғ.Оразбақов ҚР үкіметі ауған рыногін еліміз экономикасы үшін болашақ тиімді рынок деп санайтынын ерекше атады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть