"Ауру баламнан перзентханада бас тарттым, дәрігерлер солай деді": Семейлік тұрғын 9 жасқа келген ұлының тірі екенін білді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ауру баламнан перзентханада бас тарттым, дәрігерлер солай деді": Семейлік тұрғын 9 жасқа келген ұлының тірі екенін білді

"Ауру баламнан перзентханада бас тарттым, дәрігерлер солай деді": Семейлік тұрғын 9 жасқа келген ұлының тірі екенін білді

Сал ауруына шалдыққан Димаш сау болмаса да бұл фәниде өмір сүруде. Туылған сон ата-анасы ауру баладан бас тартқан.

  • 19 Қараша 2020
  • 800
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы "Пендеміз ғой" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ауыр диагнозбен өмірге келген сәбидің жасы қазір тоғызда. Перзентханада дәрігерлер әрі қарай өмір сүре алатындығына кепілдік бермеген. Дегенмен Димаш өзінің мықты екенін дәлелдеп келе жатыр.

Ала ата-анасы сөз кездегі шешіміне әлі күнге дейін өкінеді. Перзентханада туыла салып ауру екендігін білгенде ата-анасы баладан бірден бас тартқан. Димаштың тірі екенін тек бес жылдан кейін білген.

Димаш бірінші балалар үйінде содан соң Аягөздегі арнайы интернатта тәрбиеленді.

Дінмұхаммедтің анасы:

"Димашқа аяғым ауыр кезінде УЗИ-ге түскенде маған ішіңдегі су анық емес бұлыңғыр деп айтты. Үш рет тексерілгенде де солай айтты бала көрінбейді деп. Бала туылар алдында су кетті, судың түсі жап-жасыл болды. Сол кезде тағы да УЗИ-ге түсірді баланың түрі сонда көрінді.Және баланың халі нашар болғандықтан маған өзің туа алмайсың деп кесіртілік жасап баланы алды. Туылған соң баламның түрінен қорқып кеттім. Бірден алып кетті де бір тәуліктен соң алып келді. Сонымен қатар баланы алмай-ақ қойыңыз жарты жыл өмір сүреме жоқпа ол да белгісіз деп айтты дәрігерлер.Ауыр диагноз қойды. "Отказ" жазыңдар деді. Ортақ шешімге келіп, айтқандарын жасадық. Сонымен бес жылдан соң соттан қағаз келді. Ата-ана құқығынан айыру туралы. Сол кезде барып білдік. Одан кейін жолдасым интернатқа барып көріп тұратын, менің аяғым ауыр еді. Содан соң менде барып көре бастадым босанған соң. Міне баламызды қолымызға алғанымызға бір ай болды. Шүкір қасымызда. Ендігі арманым балам ұзақ өмірсе екен." — деп мән-жайды баяндап берді.

 

Соңғы жаңалықтар