Ауыл маңына қоқыс төккені үшін айыппұл төледі - Алматы облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыл маңына қоқыс төккені үшін айыппұл төледі - Алматы облысы

Ауыл маңына қоқыс төккені үшін айыппұл төледі - Алматы облысы

Алматы облысы Балқаш аудандық сотымен азамат А.Коваленкоға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінен.

  • 6 Сәуiр 2015
  • 289
Фото - Caravan.kz


А.Коваленко өзінің үйінен шыққан коммуналдық қоқыстарды ауылдың шетіне шығарған, яғни қоғамдық орынды ластаған.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралған кезде А.Коваленко өз кінәсін толығымен мойындап, жасаған теріс қылығына қынжылып, өкінетінін айтқан.
Соттың қаулысымен А.Коваленкоға ҚР ӘҚБтК 434 б. 1 б. бойынша көзделген құқықбұзушылық жасағаны үшін мемлекет бюджетінің пайдасына 19820 (10 АЕК) теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.