Ауыл шаруашылығы: субсидия беру шарттарына өзгеріс енгізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.65
  • 544.6
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыл шаруашылығы: субсидия беру шарттарына өзгеріс енгізілді

Ауыл шаруашылығы: субсидия беру шарттарына өзгеріс енгізілді

Ауыл шаруашылығы субсидияларын алушылар үшін 2025 жылдан бастап жаңа қарсы міндеттемелер енгізіледі, деп хабарлайды Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі.

  • 26 Шiлде
  • 48
Фото: Максат Шагырбаев/ Kazinform

 Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жоғары аудиторлық палата нұсқамасын орындау аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттен субсидия алушыларға қарсы міндеттемелер енгізу бойынша жұмыс жүргізді. Енді қолдау қаржысын алу нақты нәтижеге қол жеткізуге тікелей байланысты болады.

Мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау жүйесіндегі кемшіліктер 2021 жылы Түркістан облысына бөлінген бюджет қаражатын пайдалану аудиті барысында анықталды. Ауыл шаруашылығы министрлігіне оларды жою туралы тапсырма берілді.

Нәтижесінде, биыл 25 маусымда субсидиялау қағидаларына ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін жаңа қарсы міндеттемелерді енгізуді көздейтін өзгерістер енгізілді: АӨК ақшалай мәнде жалпы өнімінің өсуін қамтамасыз ету не өткен жыл деңгейінде сақталуы.

Міндеттемелерді орындау деңгейі субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде тіркелетін болады. Олар 2 жыл қатарынан орындалмаған жағдайда, субсидия алуға жаңа өтінім бере алмайды.

Өзгерістер 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Ол уақытқа дейін, яғни 2024 жылы тиісті пилоттық жобаны іске асыру басталады.