Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, сапар барысында министр Тайынша элеваторының жұмысымен танысқан. «Элеватор 2007 жылғы өнімнен 104 451 тонна астық қабылдаған. 32 451 тонна тиелген. 2007 жылдың 4-қарашасындағы мәлімет бойынша 72 мың тонна астық болған. Элеватор астық тапсырушыларға қабылдау, сақтау, кептіру, тазалау және тиеу бойынша қызмет көрсетеді. Кәсіпорынның өндірістік қуаты — 112,6 мың тонна», — деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, жұмыс сапарының жоспарына сәйкес, министр Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы Чкалов ауылында орналасқан Еуропалық одақ стандарттарына сай мал мен құстарды өнеркәсіптік жемдеу кешенін аралады. Жоба «Биохим» өнеркәсіптік кешенінің технологиялық тізбегінің жалғасы болып табылады. Бұл жоба шикізат өндіруден бастап қосымша құны жоғары бәсекеге қабілетті өнім алуға дейінгі тұйық тізбек құруға мүмкіндік бермек. Жоба құны 17,6 млрд теңге болады деп күтілуде. Кластер 100 мың бас малға арналған шошқа кешенін (құны — 5 608,2 млн. теңге), 5 мың бас ірі-қара малға арналған ет пен сүт кешенін (5 200 млн. теңге), өнімділігі жылына 210 мың тонна аралас жем зауытын (1 050,6 млн теңге), цехының өнімділігі жылына 9 мың тонналық ет комбинатын (3 236 млн теңге), 840 мың тауыққа арналған жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасын (2 520 млн теңге) қамтиды деп көрсетілген баспасөз баянында.
2007 жылдың 1-қазанындағы мәлімет бойынша, шошқа кешенінің бірінші кезегі 80 пайызға дайын болса, ет комбинаты — 30, аралас жем зауыты — 20 пайызға дайын.
Содан кейін ауыл шаруашылық министрі салынып жатқан 800 бас малға арналған «Зенченко және К» коммандиттік серіктестіктің сүт кешенін аралап көреді. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданындағы Новоникольск ауылында орналасқан қазір жұмыс істеп тұрған 800 бас малға арналған сүт кешеніне бару жоспарланған.
Сапар қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілігінде жиналыс болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті