Ауылдан көшіп кеткен халық саны 25 жылғы антирекордты жаңартты - kaz.caravan.kz
  • $ 495.28
  • 518.41
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауылдан көшіп кеткен халық саны 25 жылғы антирекордты жаңартты

Ауылдан көшіп кеткен халық саны 25 жылғы антирекордты жаңартты

Қазақстан ауылдарынан халықтың көшіп кету үрдісі соңғы 25 жылдағы антирекордты жаңартты

  • 5 Ақпан
  • 9
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық статистика бюросы (ҰСБ) ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2024 жылы ауыл халқының көші-қон сальдосы (келгендер мен кеткендердің айырмасы) –111,4 мың адамға жеткен. Бұл көрсеткіш 2000 жылдан бері, яғни бақылау жүргізіле бастағаннан бері тарихта алғаш рет осыншалықты теріс мәнге ие болды.

Биылғы жағдайдың ерекшелігі айырма он мыңдаған емес, жүз мыңдаған адаммен есептеліп отыр.

Айта кетерлігі, көші-қон сальдосы барлық өңірде теріс мәнде қалыптасқан, тек Алматы облысы (7,6 мың адам) мен Атырау облысында (275 адам) оң жағдай байқалады. 

Сонымен қатар бұл көрсеткіштің қалыптасуында ең тығыз қоныстанған өңір – Түркістан облысы негізгі рөл атқарды. Мәселен оның жалпы статистикадағы үлесі 26% болып, ол жақтың ауылдары 29,2 мың адамға азайған.

Табиғи өсім теріс көші-қон сальдосын өтей алмады. Туғандар мен қайтыс болғандардың айырмасы 96,8 мың адамға жетті. Осылайша көші-қон мен табиғи қозғалыс нәтижесінде ауыл халқы өткен жылмен салыстырғанда 14,6 мың адамға қысқарды. Ал, керісінше, қала халқы 266,8 мың адамға көбейді, – делінген хабарламада.

Осындай жағдайға байланысты халық құрылымындағы қала тұрғындарының үлесі 0,8 пайыздық пунктке өсіп, 63%-ға жетті.