Ауылдардың жай-күйін бақылап, мониторинг жүргізетін арнайы комитет құрылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауылдардың жай-күйін бақылап, мониторинг жүргізетін арнайы комитет құрылады

Ауылдардың жай-күйін бақылап, мониторинг жүргізетін арнайы комитет құрылады

"Ауылдардың жай-күйін бақылап, мониторинг жүргізетін арнайы комитет құрылады". Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мәселелеріне арналған Семейдегі аймақтық семинар-кеңесте үкімет басшысының орынбасары- ауыл шаруашылығы министрі Ахметжан Есімов осылай деді.

  • 23 Сәуiр 2004
  • 450
Фото - Caravan.kz

Техникалық және технологиялық жағынан артта қалған кәсіпорындарда өңделетін ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс төмен. Сондықтан ең алдымен өңдеу кәсіпорындарын дамытуға көп көңіл бөлу қажет. Бұл бағытта Шығыс Қазақстанда қолға алынуы қажет жұмыстар жеткілікті,-деді А.Есімов.

Ауыл шаруашылығы министрі Шығыс Қазақстандағы орманның жайын да сөз етті. Министрдің айтуынша, осыдан 2 жыл бұрын орман шаруашылықтарында болған техниканың көбі қазір жеке меншік қолында. Орман шаруашылықтары басшыларына қатысты қылмыстық іс те козғалды. Министр құқық қорғау органдарының жұмысына қатысты да сыни пікір білдірді.
«Орманды сақтап қалуға барлық жағдай жасалып жатқанмен қарағайлы орманды кесу тыйылған жок. Орман шаруашылықтарына бөлінген қаржы 3 есе ұлғайтылды. Орманды басқару құрылымындағы өзгеріс оң нәтиже берген жоқ. Оған ормандағы өрттердің көбеюіне қарап көз жеткізуге болады. Өткен жылы ШҚО орманды алқаптардағы өрт 1,6 есеге көбейіп кетті».
А.Есімов : «резерваты тексеру үшін Бас прокуратура, ІІМ қызметкерлерінен тұратын арнайы комиссия құрылған болатын. Алайда олардың жұмысына көңіл толмайды»,- деді.
Кеңес барысында мал шаруашылығын дамыту, сут өнімдерін өңдеу, фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытуға қатысты мәселелер қозғалды.

Соңғы жаңалықтар