Израиль дәрігерлері баланың бауырын ауыстыру арқылы оны аман алып қалуға болатынын айтқан. Бірақ ол үшін 200 мың еуро сұрап отыр екен. Отбасында Жанелдің әкесі ғана жұмыс істейтіндіктен, мұндай қаржыны жинау Жұмағалиевтар әулетіне қиын соғып отыр. Ауруы жанына батқан бүлдіршін күн өткен сайын салмақ жоғалтып, азып барады. Қою тамақты ішуге мүлдем болмайды. Күніне бар болғаны 30 грамдай тамақты талғажу етеді. Оның үстіне 2 айдан бері дене қызуы да 39 гратустан түспепті.
Алтын Ысқақова, Жанелдің әжесі:
— Бала көрінгесін, өмір сүргені жақсы ғой. Біз көмек сұраймыз.Негізі, емделмейтін мүше де айтады ғой, сонда да үмітімізді үзбейміз. Елден көмек сұраймыз.
Отбасының байланыс теелефоны: +7 778 736 85 86