Ауыр дертке шалдыққан Ділназға көмек қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыр дертке шалдыққан Ділназға көмек қажет

Ауыр дертке шалдыққан Ділназға көмек қажет

Ауыр дертке шалдыққан атыраулық қызға көмек қажет. 9 жастағы Ділназдың дене бітімі жетілмей қалған.  Жергілікті дәрігерлер туа біткен «сал ауруы» деген диагнозбен емдеп, жақында оны «ақыл-ойы кем дамыған» деп қайта қарапты. Жалпы, отандық мамандар бұл дерттің алдында дәрменсіздік танытуда. Бірақ қытайлық ақ халаттылар қаржы болса, ем-домын жасаймыз деп отыр.

  • 6 Тамыз 2014
  • 264
Фото - Caravan.kz

Үйдегі үш баланың үлкені Ділназ қазір тоғызда. Бірақ жүріс-тұрысы мен дене бітімі жасына сай емес. Биыл үшінші сыныпты бітіруі тиіс қыз осы уақытқа дейін мектепке де бармаған. Себебі, сөйлей алмайды, ойын ыммен ғана жеткізеді.Анасының айтуынша, айналасындағы балалар үшін өте қауіпті.

Тұрсын Жұбанова, Ділназдың анасы:

-Ыдыстарды көрсе, ашуланып кетсе, лақтырып, сындырып, басқа балдарымды да салып қалады кей кездері

Өкінішке қарай, отандық дәрігерлер Ділназға көмек көрсете алмайтындарын ашық айтыпты. Бірақ Атырауға келген қытайлық мамандар баланы тексеріп, ауруынан айықтыруға болады деген.


Тұрсын Жұбанова, Ділназдың анасы:

—Қызым тәуір болып кетед деп сол жақтан үміт күтіп отырмын, Басқа үмітім жоқ.Осықызым тәуір болып кетсе тұңғыш қызым, сөйлеп, «мама-папа» деп сөйлегенін күтіп жүрміз бәріміз де.

Енді Ділназды емдету үшін 2 миллион теңгедей ақша қажет. Бірақ 6 жылдан бері қала сыртынан пәтер жалдап жүрген оның ата-анасында әлгіндей қаржы жоқ. Оның үстіне отағасы да жұмысқа жақында ғана орналасыпты. Сондықтан олардың ендігі үміті – тек жомарт жандарда.