Ауыр хәлдегі қостанайлық кейуана діни көзқарасына байланысты қан құйғызудан бас тартып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыр хәлдегі қостанайлық кейуана діни көзқарасына байланысты қан құйғызудан бас тартып отыр

Ауыр хәлдегі қостанайлық кейуана діни көзқарасына байланысты қан құйғызудан бас тартып отыр

Қостанайда егде жастағы әйелдің хәлі нашар, соған сәйкес оған қан құю қажет.

  • 15 Қазан 2017
  • 285
Фото - Caravan.kz

Алайда өзінің діни көзқарасына байланысты кейуана одан бас тартып отыр, деп хабарлайды Alau.kz-ке сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Порталда берілген ақпаратқа сәйкес, Қостанай хирургиялық орталықтың 77 жасар ем қабылдаушысы ауыр хәлде жатыр. Әйел адамға шұғыл түрде қан құю қажет.

Дәрігерлердің айтуынша, әйел адам ауруханаға "панкреонекроз" диагнозымен түскен. Қанның көп кетуіне байланысты оған қан құю қажет болып тұр.

"Ем қабылдаушының ақыл-есі дұрыс. Өзінің діни көзқарасына байланысты қан құю процедурасынан бас тартып отыр. Сондықтан біз барлық қажетті шараны ота жасау арқылы жүзеге асырмақпыз. Ондай жағдай болған күнде де қан құю қажет болады", — дейді Қостанай хирургиялық орталығының хирургия бөлімінің меңгерушісі Виктор Гаврилов.


Дәрігерлердің айтуынша, әйел адамның қызы да оған өз сөзін өткізе алмайды.