Ауыр салмақты автокөліктердің қозғалысын бақылау күшейді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.59
  • 578.91
+28 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыр салмақты автокөліктердің қозғалысын бақылау күшейді

Ауыр салмақты автокөліктердің қозғалысын бақылау күшейді

1400-ден астам жүк көлігі тексеріліп, 600-ден хаттама толтырылды

  • 2 Мамыр
  • 4
ФОТО: Sputnik.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Көлік министрлігі ауыр салмақты автокөлік құралдарының қозғалысын бақылауды күшейтті. Бұл шара жолдардың мерзімінен бұрын тозуын алдын алуға және елордада жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды ведомство.

Көліктік бақылау жұмысын атқару үшін 6 жылжымалы бекет пен 40-қа жуық инспектор жұмылдырылды. Бұл шара биылғы жылдың 7-наурызынан басталып, қыркүйек айына дейін жалғасады. Алдағы уақытта дәл осындай жұмыс еліміздің барлық өңірлерінде басталмақ.

«Бақылау жұмысы жылжымалы бекеттер мен арнайы автоматтандырылған өлшеу станциялары арқылы қаланың негізгі кіреберіс жолдарында жүзеге асырылып жатыр. 1400-ден астам жүк көлігі тексеріліп, 600-ден хаттама толтырылды»,- деп атап өтті мамандар.

«Рұқсат етілген нормадан тыс жүк тасу жолдардың мерзімінен бұрын тозуына әкеледі. Белгіленген жүк параметрлерін қатаң сақтау қажет», — деп ескертеді министрлік