"Ауыз бекіткелі сабағы нашарлады": Мектеп оқушысына ораза ұстауға бола ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ауыз бекіткелі сабағы нашарлады": Мектеп оқушысына ораза ұстауға бола ма?

"Ауыз бекіткелі сабағы нашарлады": Мектеп оқушысына ораза ұстауға бола ма?

 

  • 11 Сәуiр 2022
  • 141
Фото - Caravan.kz

Мектеп оқушысына ораза ұстауға бола ма? Баланың сабақ үлгеріміне зияны бар ма? Желіде осыған қатысты қарсылық туындады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы фейсбук желісіндегі Ербол Мәндібектің парақшасына сілтеме жасап. 

"Ауыз бекіткен баланың үлгерімі қалай?

"Ауыз бекіткелі үлгерімі нашарлады. Екеуі де
түстен кейінгі ауысымда. Сыныпта сабаққа зауқы жоқ. Себебі, қарны шұрылдап әрең отырады. Қарны аш баланың оқуды ойлауы неғайбыл? Жалпы, 5-6 оқитын балаға ауыз бекітіп керек пе? Осы мәселені дұрыстап назарға алу керек"- депті жекеме жазған мұғалім.

Мені ойымша, бұл ойланарлық мәселе. 9-10 оқитын оқушылардың ораза ұстауында ешқандай қиындық жоқ деп ойлаймын. Ал, 4-5-6-7 оқитын оқушылар ұзақ күнді әрең еңсеруі мүмкін. Қателессем, барша халықтан кешірім сұраймын әрине.

Дегенмен, бала тұрмақ, үлкен адамдардың өзі оразада түс ауа әлсірейді. Жұмысқа деген белсенділігі де бәсеңдейді. Өзім де, әйелім де ауыз бекітеміз. Алланың разылығы үшін ниеттеген соң, ауыр-жеңіл күндерін айтпаймын. Бірақ, 6 оқитын ұлыма оразаға сәл ерте екенін айттым. Аллаға шүкір, оразаның сауабы туралы білгенімше айтып жатырмын. Фатиха мен Ықыласты жаттады. Алайда, кәмелеттік жасқа толған кезде өзі таңдау жасайды.

Баланың ағзасы тамақты тез қорытады және жәй күндері тамақты әлсін-әлсін сұрайтынын жақсы білеміз. Оның үстіне, балалардың ағзасы тұрақты даму шегіне шыққанға дейін организмді шаршатпағаны дұрыс.

Бұл мәселеге ҚР Білім және ғылым министрлігі / Министерство образования и науки РК назар аударғаны жөн.


Ұстаздар қауымдастығы осы мәселе бойынша өз пікірлерін айтқаны жөн.

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы да жан-жақты пікірлерін білдірсе!

Басымнан бақайшағыма дейін қазақпын және мұсылманмын. Мен бұл пост арқылы асыл дінімізден балаларды алшақтатуды емес, керісінше олардың дінге терең біліммен келгені дұрыс дегенді айтқым келді.

Әрбір ата-ана өз ошағында балаларына мұсылмандық туралы мардымды мәлімет береді деп ойлаймын. Ал, мектепке мұғалімі білім нәрін дарытады", деп жазды. 

 

Ауыз бекіткен баланың үлгерімі қалай? "Ауыз бекіткелі үлгерімі нашарлады. Екеуі де түстен кейінгі ауысымда. Сыныпта…

Posted by Ербол Мәндібек on Friday, April 8, 2022

 

Соңғы жаңалықтар