"Аузында сүті қатпай жатып білгіш": Адам тағдыры қай кезде жазылатынын айтқан Төреғалидың қарындасы көпшіліктен оңбай сөз естіді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Аузында сүті қатпай жатып білгіш": Адам тағдыры қай кезде жазылатынын айтқан Төреғалидың қарындасы көпшіліктен оңбай сөз естіді

"Аузында сүті қатпай жатып білгіш": Адам тағдыры қай кезде жазылатынын айтқан Төреғалидың қарындасы көпшіліктен оңбай сөз естіді

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі жүкті әйелдердің құрсағындағы баланың тағдырына не жазылатынын айтты.

  • 14 Мамыр
  • 143
Фото - Caravan.kz

Баланың тағдырына қатысты бұл ақпаратпен ол Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Баланың тағдыры жүктіліктің 120-шы күні , ананың құрсағында жатқан кезде жазылады. Ол тағдырға мына төрт нәрсе жазылады екен. Ең біріншісі — қанша өмір сүретіндігі, яғни өмірге келгеннен бастап, өмірден озатын уақытына дейін. Екіншісі — қандай қабілетке ие болатындығы, үшінші нәрсе — бай не кедей болатыны. Ал, төртінші нәрсе — бақытты не бақытсыз өмір кешетіндігін осы уақытта жазып қояды екен. Бұл дегеніміз не? Есептейтін болсақ, бұл кезең 17-ші аптаға сәйкес келеді. Бұл уақытта ата-ана бала үшін, құрсақта жатқан кезден бастап максимум дұғада болу керек. Бай болсын, бақытты болсын, ғұмыры ұзақ болсын, қабілеттері мықты болсын деп дұға ету керек. Алланың қалауымен осындай дұғалар арқылы оның тағдыры көркем түрде жазылуға ол ықпал ете алады. Бұл уақытты өткізіп алуға мүлде болмайды. Дұғаны ешқашан да тоқтатуға болмайды. Алла Тағала бізді естуші, ол барлық дұғамызды қабыл етуші», — дейді Фариза Төреәлі.

Желі қолданушылары блогерді Құдайға ғана аян дүниені кәсіп етіп жатыр деп айыптауда .

«Қалай білгіш десей? Аптасына, күніне дейін біледі», «Осылар не жеп ақылды болады?», «Өмір сүріп тастаған адам сияқты, аузында сүті қатпай жатып ақыл айтады», «Хадис ақиқат емес», «Ақырзаман жақындаған кезде дінді кәсіп етіп алатындар көбейеді екен», «Оны бір Алла ғана біледі. Олай сайрамаңдар, саған айтып келмейді», — деп жазды олар.