"Аузыңды жап, ақымақ!" Степногорскте оқушыны жұлқылаған мұғалім видеоға түсіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Аузыңды жап, ақымақ!" Степногорскте оқушыны жұлқылаған мұғалім видеоға түсіп қалды

"Аузыңды жап, ақымақ!" Степногорскте оқушыны жұлқылаған мұғалім видеоға түсіп қалды

Әлеуметтік желіде мұғалімнің оқушыға дауыс көтеріп, кейін жағасынан алып жатқан кезінде түсірілген видео тарады.

  • 31 Қаңтар 2019
  • 74
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Жағдай Ақмола облысының Степногорск қаласында болған. Видеодан мұғалімнің оқушыны тақта алдында жұлқылап, ата-анасының нөмірін жазуды талап етіп жатқанын көруге болады.

Қаланың білім басқармасындағылар жағдайдың өткен бейсенбі күні мектептердің біріндегі алтыншы сыныпта сабақ жүріп жатқан кезде болғанын айтты.

Осы фактіге сәйкес, қызметтік тексеріс жүрді. Оқушының жанында отырған сыныптасының дәптеріне түкіріп жібергені анықталды. Кейін мұғалім оған осы қылығы үшін ұрысып, ата-анасының нөмірін талап еткен.

Білім басқармасындағылар мұғалімнің осылайша педагог этикасын бұзғанын және өз еркімен жұмыстан кеткенін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, күзде Алматы қаласында қоғамдық резонанс тудырған жағдай болды. Мектеп-интернаттың мұғалімі балаға қол көтерген. Осы сәт түсірілген видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Кейін мұғалім мекемеден қуылды.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Кокшетау-лайф (@kokshetaulifekz) on

 

Соңғы жаңалықтар