Авраам Линкольннің небәрі 13 жолдан тұратын қолжазбасы 2,2 млн долларға сатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Авраам Линкольннің небәрі 13 жолдан тұратын қолжазбасы 2,2 млн долларға сатылды

Авраам Линкольннің небәрі 13 жолдан тұратын қолжазбасы 2,2 млн долларға сатылды

АҚШ-тың 16-президенті Авраам Линкольннің қолжазбасы 2,2 млн долларға сатылып, алғашқы бағалау құнынан екі есеге асып түсті.

  • 6 Қараша 2015
  • 303
Фото - Caravan.kz

 Сауда Heritage Auctions бәссауда үйінде өтті.

Бұл құжатқа АҚШ лидерінің 1865 жылғы наурызда  мерт боларынан бір апта бұрын ғана қол қойған. Қолжазбада американдық президенттің  13 жолдан тұратын екінші ұлықтау рәсіміндегі сөзінің үзіндісі сақталған.

Аукционға дейін лот 1 млн. долларға бағаланған, бірақ сауда 500 мың доллардан басталды. Қолжазбаның жаңа иесі өзінің аты-жөнін айтпай отыр.