Австралия Ирактағы күрдтерді қаруландырмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Австралия Ирактағы күрдтерді қаруландырмақ

Австралия Ирактағы күрдтерді қаруландырмақ

Австралияның әскери әуе күштері таяуда Ирактағы күрдтердің Пешмерга әскери құрылымына қару-жарақ жеткізбек.

  • 2 Қыркүйек 2014
  • 257
Фото - Caravan.kz


 Бұл туралы Австралияның Премьер-Министрі Тони Эбботт жергілікті телеарнаға берген сұхбатында мәлімдеді.

Ол мұндай шешімнің одақтастармен ақылдасқаннан кейін қабылданып отырғандығын айтты. Сондай-ақ Т.Эббот осыған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген Иракқа құрлық әскерін жіберетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды. Ирактағы күрдтердің Пешмерга әскери құрылымы «Ислам мемлекеті» деген атауды жамылған содырлар ұйымына қарсы күресіп келеді, деп жазады 24.kz.