Австралияда із-түссіз жоғалып кеткен малайзиялық ұшақты іздеу қайта жалғасты - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Австралияда із-түссіз жоғалып кеткен малайзиялық ұшақты іздеу қайта жалғасты

Австралияда із-түссіз жоғалып кеткен малайзиялық ұшақты іздеу қайта жалғасты

Австралияда құтқарушылар командасы бір апталық үзілістен кейін малайзиялық «Боинг» ұшағын Үнді мұхитынан іздеу жұмыстарын қайта жалғастырды.

  • 22 Мамыр 2014
  • 358
Фото - Caravan.kz


ЭФЭ агенттігінің хабарлауынша, техникалық ақау салдарынан іздеуді тоқтатқан Bluefin-21 роботы мұхит табанына қайта түсіріледі.

Іздеу 28-мамырға дейін жалғасын таппақ. Содан соң команда тағы үш күн тынығады.

Куала-Лумпур – Бейжің бағыты аттанған малайзиялық «Боинг-777» ұшағы 8-наурыз күні жоғалып кеткен болатын. Ұшақ бортында 227 жолаушы мен экипаждың 12 мүшесі болды. Олардың басым бөлігі Қытай азаматтары.