Австрия Әлиевтің ісін тергеуге араласпауды сұрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Австрия Әлиевтің ісін тергеуге араласпауды сұрайды

Австрия Әлиевтің ісін тергеуге араласпауды сұрайды

Қазақстан "Нұрбанк" АҚ-ның топ-менеджерлері Жолдас Тимралиев пен Айбар Хасеновтың ұрлануы және өлтірілуі жөніндегі істі тергеуші австриялық құқық қорғау органдарына көмек көрсетуге дайын.

  • 11 Маусым 2014
  • 322
Фото - Caravan.kz

"Істі тергеу процесі барысында біз олар нені керек етсе, соны көрсеттік, көмек бердік. Прокурордың өзі келген жоқ, ол іске қатысы бар куәгерлерден, барлық тұлғалардан жауапты бейне-конференц байланыс арқылы алды", деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстанға" Бас прокуратурадағы дереккөз.

"Олар әрдайым да тергеуге араласпауды сұрайды. Бірақ оларға контакт керек болса, біз әрдайым да дайынбыз. Бұл істің басы-қасында әңгіменің көп болғандығын білесіздер ғой, сол себепті австриялық прокурорлар тек керек болған кезде ғана араласу керек деп санайды. Олармен арадағы қарым-қатынас жаман деп айта алмаймын, кәдімгі іскерлік қатынас", деді ол.

"Австрия бізден көмек сұраса, біз көмектесуге тиіспіз. Көмек сұрамаса, прокурордың, сосын соттың шешімін күтуге тиіспіз. Батыстық өлшеммен қарағанда, бұл іс жылдам біте қоймас, бір-екі ай емес, одан да көп уақытты алатын сияқты", деді ол.