Австрия Республикасының Экономика және жұмыс министрінің елімізге сапары басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Австрия Республикасының Экономика және жұмыс министрінің  елімізге сапары басталды

Австрия Республикасының Экономика және жұмыс министрінің елімізге сапары басталды

Астана. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін". - Бүгін Австрия Республикасының Экономика және жұмыс министрі Мартин Бартенштайн Қазақстанға сапармен келді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 17 Қыркүйек 2007
  • 460
Фото - Caravan.kz

Е.Ашықбаевтың айтуынша, сапар 18 қыркүйекке дейін жалғасады, жоспарланған кездесулер барысында тараптар екі жақты қазақстан-австрия ынтымақтастығының сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы перспективалары мен дамуы төңірегіндегі мәселелерді талқылайды деп күтілуде.

Осы сапардың аясында бүгін, «Интерконтиненталь» қонақ үйінде «Austrian Airlines» компаниясының Вена-Астана-Вена бағытындағы тіке әуе тасымалының ресми ашылу салтанаты өтеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті